
Әлеуметтік желілерде бейнеролик таратылады, оның авторы етті сатуға мүмкіндік бермейтін № 2 нысандағы ветеринарлық анықтаманың күшін жоюды талап етеді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ветеринария туралы" ҚРЗ 1-бабының 27-тармағына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдерге ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығы өнімдері жатады. Сондықтан ветеринарлық анықтаманы алып тастау мәселесі ақылға қонымсыз шешім болып табылады.
№ 2 нысанды ветеринариялық анықтама құжатты беру сәтінде жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қадағалануын/шығуын, өнімнің қауіпсіздігін және аумақтардың саламаттылығын қамтамасыз ететін ілеспе құжат болып табылады.
Бүгінгі күні Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында «етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулі әзірленді. Модуль сою объектілерінде (ет өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері мен сою алаңдары) және ішкі сауда объектілерінде жануардың өмірлік циклін көрсету үшін QR кодын іске асыруды ескере отырып, ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (Сынақ хаттамасын) беру процесін автоматтандыру функционалын қамтиды. Бұл шара сою алдындағы ветеринариялық тексерусіз және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізу үшін жануарларды союға жол бермеуге бағытталған. Бүгінгі таңда пилоттық жоба Атырау, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар облыстарында, Жетісу облыстарында және Астана және Алматы қалаларында іске қосылды.
Сонымен қатар, "Ветеринария туралы" ҚРЗ-ға сәйкес ветеринариялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері Жануарларды аурулардан қорғау, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуінен және таралуынан қорғау болып табылатынын атап өту қажет.