
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаровтың қатысуымен мемлекеттік наградаларды тапсыруға арналған салтанатты жиналыс өтті.
Салтанатты жиында марапатталды:
"Құрмет" орденімен-ҚР АШМ "Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ" РММ директоры Абдулхаликов Сембай Бағдатшайұлы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен-Жұбатқанова Қызғалдақ, ҚР АШМ МКҚК ветеринария жөніндегі халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен - Қалдыбеков Сүндетәлі Байбекұлы, "АШМ"РМК Республикалық ветеринариялық зертханасының Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалының директоры.
Сонымен қатар, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы Б. Абызбаев ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтады.
Б. Абызбаев өзінің құттықтау сөзінде барлығына бақыт, зор денсаулық, бейбіт өмір және амандық тіледі.