
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. б. Абызбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.
Сапар аясында Б.Абызбаев өңірдің ветеринариялық қызметтері өкілдерінің қатысуымен Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте ветеринарияның проблемалық мәселелері айтылды, эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Б. Абызбаев комитеттің бақылауына алынған мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Б. Абызбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары өңірдегі ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыруға және эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған.