ВБҚК басшысының Қостанай облысына жұмыс сапары

ВБҚК басшысының Қостанай облысына жұмыс сапары

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Б. қ. Абызбаев мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді.

4 қазанда Прага хайуанаттар бағының директоры Мирослав Бобек бастаған Чехия делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында Пржевальский жылқысын "Алтын Дала" табиғи резерватының аумағына қайта енгізу мәселелері талқыланды. Тараптар жануарлардың табиғи мекендеу ортасына жеткізу және енгізу рәсімдерін талқылады.

5 қазанда Б. Абызбаев пен шекарадағы экспорттық-импорттық операциялар кезіндегі Ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы С. Әлімбекирова "Терра"ЖШС ірі бордақылау алаңына барды. Кездесу барысында өңірдегі мал шаруашылығын дамыту, экспорт және эпизоотиялық салауаттылықты сақтау мәселелері талқыланды.

6 қазанда Абызбаев Қостанай облысының әкім орынбасарымен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірдегі ветеринариялық қызметті дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелерін талқылады.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті басшысының Қостанай облысына жұмыс сапары Чехия делегациясымен ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ өңірдің мал шаруашылығы саласын қолдауға бағытталды.