
2023 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті басшылығының Басқарма төрағасы - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАЗУ) ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ақылбек Күрішбаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында ветеринария мамандарын даярлауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және ветеринария жүйелерінде цифрландыруға байланысты мәселелер талқыланды.
Аграрлық университеттің ректоры А. Күрішбаев өз сөзінде университет білім алушыларға, оқытушыларға және ауыл кәсіпкерлеріне аграрлық саланы қайта құруға бағытталған ауқымды бағдарламаларды орындауға өз үлестерін қосуға көмектесетін жаңа білім мен практикалық дағдылар беретінін атап өтті. Университетте оқитын ветеринарлық мамандар инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша заманауи білім алады. ЖОО басшылығы сондай-ақ бірыңғай стандарттарды әзірлеуді қолдайтынын мәлімдеді және Қазақстанның ветеринариялық қызметі үшін жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Кездесу барысында комитет басшысы Б. Абызбаев қазіргі уақытта жас жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі және ветеринарлық қызметтен ветеринарлық мамандардың кетуі сезіліп отырғанын атап өтті. Ауылдық жерлерде жұмыстың күрделілігі мен жеткіліксіз дамыған инфрақұрылым жас мамандардың Ветеринария мамандығына деген қызығушылығын төмендетеді. Осыған байланысты ветеринарлық қызмет ветеринарлық дәрігерлердің мәртебесін көтеруді және тиісті жалақыны белгілеуді күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, тараптар университеттің Ахуалдық орталығы базасында ветеринария саласындағы цифрландыруға және бақылауға бағытталған кешенді жұмыстарды іске асыру мәселесін талқылады.
Осылайша, кездесу Қазақстанның ветеринария саласын дамытудағы маңызды қадам болды және екі тараптың басшылығы білікті мамандарды даярлау және елдегі ветеринария жүйесін жетілдіру жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.