
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Бердалин "АӨК-дегі Экономикалық Саясаттың талдау орталығы"ЖШС әзірлеген ветеринария саласындағы цифрландыру жобалары ұсынылды.
Сапар барысында "TortTulik" деп аталатын ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған мобильді қосымшаны, жануарларға жеке нөмір беру үшін "ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру" ақпараттық жүйесіндегі "процессингтік орталық" модулін және "етті ветеринариялық-санитариялық сараптау"модулін қоса алғанда, цифрландыру жобалары көрсетілді.
Таныстыру барысында ветеринария саласындағы цифрландыру бойынша алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды. Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Бердалин Ресей Федерациясының "Меркурий" ақпараттық жүйесімен интеграцияны жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар, №1 ветеринарлық анықтама беруден бастап, сөрелерде өнімді сатуға дейін ақпараттық жүйені ашық әрі оңай қадағалап отыруды тапсырды. Осылайша, сатып алушылар ет немесе басқа өнімдердің қай шаруашылықтан келетінін, сондай-ақ ауылшаруашылық жануарларының жасы туралы ақпаратты және т.б. біле алады. Сондай-ақ, өнімнің қадағалануы шекарадан басталып, өнімнің (тауарлардың) тағайындалған орнына дейін жалғасуы керек. Сондықтан шекарада зертханалық зерттеулер жүргізілуі керек, ал нәтижелер өнім тағайындалған жерге дейін келуге дайын болуы керек.
Бұл жұмыс Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алуды, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қолдауды, сондай-ақ ҚР халқы үшін азық-түлік сапасын қамтамасыз етуді қамтамасыз ете отырып, ветеринариялық қызметте маңызды рөл атқарады.