
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде (ҚР АШМ КВКН) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланған кеңес өтті.
Кеңеске сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау үшін барлық құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты. Талқылау барысында нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастыру-басқару қызметінде және жалпы ветеринария саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жоспары әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеттері:
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;
Сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін жою;
Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлін күшейту;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің қызметін одан әрі жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты күшейту үшін Комитет төрағасының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Байжанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және тұрақты бақылаудағы тапсырмалар берді. Сонымен қатар, осы бағыт аясында жұмыстар мен іс-шаралар жалғасуда.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - ветеринарияның ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету және жануарлар мен қоғамның мүдделерін сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерінен қорғау.