Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша жария талқылаулар туралы хабарлайды

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша жария талқылаулар туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан ары-Комитет), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын іске асыру мақсатында және де Комитет төрағысының 2023 жылдың 24 шілдедегі № 241 бұйрығына сәйкес,

  1. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінде және оған бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) 2023 жылдың 25 шілдесінен бастап 2023 жылдың 10 тамызына дейін келесі бағыттарда жүзеге асырылатынын хабарлайды:

1)    талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)    талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2022 жылдың 22 мамырына бастап 2023 жылдың 22 мамырына дейін.

Жемқорлық тәуекелдерін қоғамдық талқылауы 2023 жылдың 2 тамызында өткізіледі.

Қоғамдық талқылауыға қатысу бойынша ұсыныстар мен өтінімдер «Е-Өтініш» АЖ және kaliakparov.a@minagri.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс телефоны - 8 (717 2) 55-59-45

Сенім телефоны - 8 (717 2) 55-54-13