
Ағымдағы жылдың шілде айында Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстарында «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіндегі «Процессинг орталығы» жануардың жеке нөмірін (ЖЖН) және құлақ сырғасын беру үшін модулінің пилоттық жобасын іске қосу жүзеге асырылды.
Бұл шара жануардың жеке нөмірі қайталануын болдырмауға, облыстардағы құлақ сырғаларының жұмсалуын бақылауға, жануарларды сәйкестендіру үшін эмиссиялық нөмірлерді алудың ұзақ рәсімін болдырмауға бағытталған, сонымен қатар қағаз форматын алып тастауға, жұмысты жеңілдетуге және процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Пилоттық жобаны іске қосу шеңберінде құрылған жергілікті атқарушы органдарының, аудандардың, қалалардың және облыстың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, ветеринариялық пункттердің және аудандық ветеринариялық станциялардың ветеринариялық дәрігерлері үшін "online" режимінде семинар-оқыту өткізілді.
Пилоттық жобаның ұзақтығы 2023 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Ертеде Ақтөбе облысында жануардың жеке нөмірі мен құлақ сырғаларын беру үшін «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде "процессингтік орталық" Модулінің пилоттық жобасы іске қосылған болатын.