
2023 жылғы 14 шілдеде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті өкілдерінің Франция Елшілігінің өкілдерімен Франциядан асыл тұқымды қойларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау, сондай-ақ Франция Республикасының кейбір департаменттеріне қатысты Құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша кездесуі өтті.
Талқылау аясында Францияның Ресей Федерациясындағы Елшілігі жанындағы өңірлік экономикалық қызметтің Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы, санитарлық және фитосанитарлық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Амос Мари-Агнес ханым француз тарапымен де, қазақстандық тараппен де Франциядан Қазақстанға ұсақ малдың асыл тұқымды тұқымдарын экспорттауға бизнес қауымдастықтардың мүдделілігі туралы хабарлады.
Өйткені, екі ел арасында Франциядан Қазақстанға асыл тұқымды қойларды экспорттауға келісілген екіжақты сертификаттар жоқ, сондықтан француз тарапы Франциядан Қазақстанға тірі ұсақ мал әкелуге дайындалған ветеринариялық сертификат нысанын ұсынды.
Өз кезегінде, ҚР АШМ КВКН төрағасының орынбасары С.Төлегенов ЕАЭО-да ветеринариялық-санитариялық шараларды сақтау қажеттігін және ЕЭК № 317 шешіміне сәйкес ЕАЭО аумағына мал шаруашылығы өнімдерін әкелу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына экспортталатындарға екіжақты ветеринариялық сертификат нысанын келісу тәртібін түсіндірді.
Талқылау қорытындысы бойынша Француз тарапына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын асыл тұқымды және пайдаланушы қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификаттың № 5 нысанын қолдану (ЕЭК № 607 "ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін үшінші елдерден бақылаудағы тауарларға арналған Бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" шешіміне сәйкес) не Қазақстан аумағына тірі ұсақ мал әкелу үшін бекітілген ветеринарлық сертификаты пайдалану ұсынылды.
Сонымен қатар, тараптар ветеринария саласындағы ынтымақтастық мәселелерін шешу қажеттілігі бойынша екіжақты кездесулер өткізу туралы келісімге келді.