Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде салтанатты іс-шара өтті

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде салтанатты іс-шара өтті

"ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні" кәсіби мерекесі күні ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық инспекциялар басшыларының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Кеңесте ведомство басшысы ұжымды кәсіби мереке-мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Сонымен қатар, атаулы мерекеге орай, Министрлік, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі  тарапынан біршама марапаттаулар болды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен 5  қызметкер марапатталды.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен: Ауытханова Гульжанат Бекежановна – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Кадр және әкімшілік бақылау жұмысы басқармасының бас сарпшысы;

ҚР АШМ Министрінің Құрмет грамотасымен: Нургалиева Сауле Газизовна - Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы., Таукин Тимур  Аронович - Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы.;

ҚР АШМ Министрінің Алгыс Хатымен: Ахметов Ибрайхан Биртаевич - Жаңақорған аудандық инспекциясының басшысы, Джакубаев Бакытжан Шарипханович - Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!