Қостанай облысындағы эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысындағы эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат

Қазақстанның "АӨК жаңалықтары" ақпараттық агенттігінің сайтында Қостанай облысында аусылдың жаппай таралуы, вакциналардың болмауы және ветеринарлардың ауруды жасыруы туралы мақала орналастырылған.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жарияланған ақпарат ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін, сондай-ақ инвесторларды жаңылыстыруды болдырмау үшін келесідей түсініктеме береді.

Бүгінгі таңда әлемде аусыл ауруы бойынша өте күрделі эпизоотиялық жағдай қалыптасты, India-2001 және SAT-2 жаңа штамдары тіркелді. Аусыл ошақтары бізбен шекаралас Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінде тіркелді, бұл инфекцияның ҚР-ға ену қаупін туғызады. 2021 жылдың желтоқсанында Орынбор облысының Қазақстанмен шекаралас аймағында аусыл ауруы тіркелді.

2022 жылғы 14 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданында аусыл ошағы анықталды, карантин қойылды және сол күні Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына хабарлама жіберілді. Инфекция ошағында 25 ірі қара мал тәркіленіп, жойылды. Аусылды жою бойынша іс-шаралар өткізілді және 2022 жылғы 8 ақпанда карантин алынып тасталды. Владимир РФ және Пирбрайт Англия қалаларының халықаралық анықтамалық орталықтарымен расталған аусыл қоздырғышының штаммы мен түрі анықталды.

Карантин қою және іс-шаралар өткізу республикалық және өңірлік БАҚ телеарналарда және әлеуметтік желілерде жарияланымдар болды. Жағдайды тұрақтандыру және аусылдың таралуын болдырмау үшін Министрлік үнемдеу есебінен өз қаражатын 1,2 млрд.теңге сомасында ветеринариялық препараттарды сатып алу жүргізді және тікелей ресейлік өндірушіден "жануарлар денсаулығын қорғаудың Федералды орталығы" аусылға қарсы вакциналардың 27,8 млн. дозасын сатып алды. Жоғары сапалы 6pd вакцинасы төрт партиямен жеткізілді.

Қостанай облысына аусылдың алдын алу үшін 2022 жылы вакцинаның 2,8 млн.дозасы (ІҚМ – 1,3 млн. доза, ұсақ мал – 1,2 млн. доза, шошқа – 355 мың вакцина дозасы) бөлінді, ол вакцинаға деген қажеттілікті толығымен жабады. "Тұрар" ЖШС – да ІҚМ – 8 300 доза вакцина бөлініп, ІҚМ-7 000 бас егілді.

2023 жылдың басында облыста 482,0 мың доза болды, қосымша 1,2 млн доза аусылға қарсы вакцина берілді, ол облыстың ұсақ мал және шошқа бойынша жылдық қажеттілігін толығымен жабады. ІҚМ вакцинациялау үшін жоспарларға сәйкес екінші жартыжылдықта 471,0 мың доза бөлінетін болады.

Комитет ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізді, ол онлайн режимде жануарларды тіркеу, жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар, диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша және т.б. қажетті ақпаратты бере алады. Сонымен қатар, нотификациялауға жататын аса қауіпті аурулардың барлық ошақтары wahis порталында (ХЭБ) жарияланды.

Комитет барлық мүдделі тұлғаларға объективті шынайы ақпарат беруге және ынтымақтастыққа дайын.