
Ақтөбе облысында «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіндегі «процессинг орталығы» модулінің пилоттық жобасын ағымдағы жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін жеке тапсырыс бойынша (жануарлар иесінің өз қаражаты үшін бирка/Чип сатып алу) жануардың жеке нөмірлері мен құлақ сырғаларын беру үшін іске қосты.
Процессинг орталығы келесідей жұмысты жүзеге асырады:
- жеке нөмірлердің эмиссиясы;
- жеке нөмірлер эмиссиясы бойынша деректер базасында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттар дайындаумен айналысатын компанияларды тіркеу;
- жеке нөмірлер эмиссиясы бойынша деректер базасын жүргізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу бойынша есептерді қалыптастыру;
- ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру мониторингі.
Жеке нөмірлер эмиссиясы бойынша деректер базасы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасымен өзара байланысты.
Бұл шаралар қағаз форматын алып тастауға, жұмысты жеңілдетуге, процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Модуль функционалдылықты қамтиды:
-тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бөлінген Ауыл шаруашылығы жануарларының берілген жеке нөмірлерінің есебін жүргізу;
- тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді енгізу.
Бұл шара жануардың жеке нөмірінің (ЖЖН) қайталануын болдырмау және облыстардағы құлақ биркаларының жұмсалуын бақылау және жеткізушілерге жедел беру үшін цифрлық разрядтарды автоматты түрде генерациялау және жануарларды сәйкестендіру үшін эмиссиялық нөмірлерді алудың ұзақ рәсімін болдырмау үшін бағытталған.
Пилоттық жобаны іске қосу шеңберінде, аудандардың, қалалардың және облыстың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, ветеринариялық пункттер мен ЖАО құрған аудандық ветеринариялық станциялардың ветеринариялық дәрігерлері үшін "online" режимінде семинар-оқыту өткізілді