Комитет қызметкерлері Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының 90-шы жыл сайынғы бас сессиясына қатысты

Комитет қызметкерлері Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының 90-шы жыл сайынғы бас сессиясына қатысты

2023 жылғы 21-25 мамыр аралығында Париж қаласында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы делегаттары Дүниежүзілік Ассамблеясының (бұдан әрі-ДЖДҰ) 90 - шы жыл сайынғы бас сессиясы өткізілді, оған Қазақстан Республикасынан АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Төлегенов, Комитеттің халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ұлмекен Смайылова қатысты.

Осы маңызды ұйымдастырушылық іс-шара барысында Дүниежүзілік делегаттар Ассамблеясы әкімшілік және техникалық қарарлар қабылдады, сонымен қатар ұйымның кейбір басқару органдарында бос жұмыс орындарын ауыстыру үшін сайлау өткізді. 90-шы Бас сессияда ДЖДҰ-ға мүше 182 елдің ветеринариялық қызметтерінің басшылары, ДЖДҰ-мен ресми келісімге қол қойған халықаралық ұйымдардың, басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың, байқаушы елдер мен аумақтардың өкілдері, ДЖДҰ-ның негізгі мүдделі тараптары мен арнайы қонақтар жиналды. ДЖДҰ-ның 90-шы Бас сессиясы аясында жоғары патогенді құс тұмауына арналған жануарлар денсаулығын сақтау форумы өткізілді. Бұл инновациялық Форум ұйымның делегаттары мен серіктестеріне соңғы жылдары ДЖДҰ-ға мүше көптеген елдерге әсер еткен осы ауруды егжей-тегжейлі талқылауға бірегей мүмкіндік берді. Сонымен қатар, делегация келесі Бас сессияға басталатын әртүрлі елдердегі PVS – бағалау есептері бойынша әзірленіп жатқан ақпараттық жүйені ДЖДҰ-мен талқылауға қатысты.

Мұндай іс-шара екіжақты кездесулер өткізу үшін жақсы алаң болып табылады, осы тарапты пайдалана отырып, Орталық Азия елдерінің, Таяу Шығыс пен Еуропаның ветеринариялық қызметтерінің басшыларымен және ДЖДҰ референттік зертханаларымен, Берингер Ингельхайм компаниясымен және ДЖДҰ мәртебесі департаментінің басшысымен келіссөздер жүргізілді.