Атырау қаласында "етті ветеринариялық-санитариялық сараптау" модулінің пилоттық жобасы іске қосылды

Атырау қаласында "етті ветеринариялық-санитариялық сараптау" модулінің пилоттық жобасы іске қосылды

Ағымдағы жылдың 23 - 26 мамыр аралығында Атырау қаласында мал сою және ішкі сауда нысандарында «Ауыл шаруашылығы жануарларың бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптама» жобасының тәжірибелік модулі іске қосылды.

Модуль – мал сою объектілерінде (ет өңдеу кәсіпорындарында, мал сою пунктері және мал сою алаңдарында) ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру ветеринариялық-санитариялық сараптама бизнес-процесін автоматтандыру функционалды қамту арқылы өткізіледі.

Аталған шара ветеринария саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мал сою алдында ветеринариялық сараптамасыз және сойылғаннан кейін өлекселер мен ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізу мақсатында малды союға жол бермеуге бағытталған.

Атырауда мал сою пункттерінің ветеринарлары, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкерлері және ветеринариялық-санитариялық инспекторлары үшін off-line оқыту семинары өткізілді.

Пилоттық жобаның мерзімі ағымдағы жылдың 28 шілдесіне дейін ұзартылады.