Қостанай облысында құстардың қауіпті аурулары бойынша симуляциялық тренинг өткізілді

Қостанай облысында құстардың қауіпті аурулары бойынша симуляциялық тренинг өткізілді

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (бұдан әрі - БЖДҰ) арасында қол қойылған келісімді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметі жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық тренинг өткізеді.

Ағымдағы жылы Қостанай облысының аумағында құстардың жоғары патогенді тұмауы мен Ньюкасл ауруының өршуі бойынша симуляциялық тренинг өткізілді.

Бұл іс-шара Қостанай облысының ветеринариялық қызметінің инфекция ошағы пайда болған жағдайға ден қою, БЖДҰ  ұсынымдарына сәйкес келу мақсатында ауруды бақылауға жауапты ветеринариялық қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы ауруды бақылауды күшейту жөніндегі дайындығын растауға бағытталған.

Бұдан басқа, бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті инфекцияларының туындау қаупін одан әрі азайтуға және соның салдарынан Қостанай облысының мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетінің көрсеткішін арттыруға ықпал етуі тиіс.    

Қостанай ауданы, Заречный ауылдық округі, Осиновка ауылының аумағында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары, Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы, республикалық ветеринариялық зертхана, Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ өкілдерінің қатысуымен сондай-ақ өзара іс-қимыл кезінде а/о әкімдігінің және ішкі істер органдарының жоғары патогенді құс тұмауы мен Ньюкасл ауруының өршуі бойынша симуляциялық жаттығулардың тәжірибелік бөлігі өткізілді.

Симуляциялық тренинг барысында 45 адам қатысты, арнайы техника – инсинератор, автокөлікті дезинфекциялау үшін дезбарьер, шлагбаум, вагон пайдаланылды.