Қазақстан ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің кеңесіне қатысты жануарлар аурулары бойынша

Қазақстан ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің кеңесіне қатысты жануарлар аурулары бойынша

Баку қаласында аусыл мен ұсақ мал обасының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі кеңес жұмысын жалғастыруда. Іс-шараны Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымы (ДЖДҰ), сондай-ақ Әзірбайжан республикасының азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі ұйымдастырды.

Іс-шараға Батыс Еуразияның ветеринариялық қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері: Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Сирия, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, ВНИИЗЖ (Ресей) және Берингер Ингельхайм (Франция) компаниясының өкілдері қатысуда.

Кеңестің басты міндеті-өңірдегі аусылмен байланысты жағдайды қарастыру, жол картасы аясында қол жеткізілген прогресті бағалау, қолда бар құралдар мен нұсқаулықтарды тиімді пайдалануды қолдау, сондай-ақ ұсақ жануарлар обасын жоюдың жаһандық бағдарламасының екінші кезеңінің негізгі элементтерімен танысу және экономикалық ынтымақтастық ұйымының өңірінде оны жоюдың басым тәсілдерін айқындау.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен және озық жұмыс әдістерімен бөліседі, қатысушы елдердегі жаһандық және өңірлік эпизоотиялық жағдай, осы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес шаралары туралы ақпарат алады. Кеңес қорытындысы бойынша бақылау саласындағы негізгі проблемалар айқындалады, аусыл мен ұсақ жануарлардың обасын бақылау және жою жөніндегі одан әрі шаралар бойынша шешімдер мен ұсынымдар келісіледі.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев қатысты. Комитет басшысы Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі жанындағы ветеринариялық қызметтің директоры Аширбай Жүсіповпен, Өзбекстан Республикасы Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитеті төрағасының орынбасары Абрар Акбаровпен, сондай – ақ 130 жылдан астам уақыт бойы адамдар мен жануарларға арналған дәрілік препараттарды шығаратын Берингер Ингельхайм-фармкомпаниясының өкілімен екіжақты келіссөздер жүргізді.