
Ағымдағы жылдың 15 ақпанында ҚР СІМ, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ және Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігі ұйымдастырған Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстеліне ҚР АШМ ВБҚК "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Бас директоры Т. Елшібаев қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Royal GD мен "Республикалық ветеринариялық зертхана"РМК арасында ветеринария саласындағы зертханалық диагностиканы іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Өз сөзінде Т. Елшібаев бұл меморандум біздің ұйымдар арасындағы маңызды қадам болатынын және жануарлардың аса қауіпті ауруларын зертханалық диагностикалау саласында тәжірибе алмасу алаңын құратынын атап өтті.
Нидерланды Корольдігіне сапары барысында Т. Елшібаев Девентер қаласындағы "Royal GD" компаниясының жануарлар ауруларын диагностикалау жөніндегі бас кеңсесі мен зертханасына барды.
Жоғарыда аталған компания 1919 жылы құрылғаннан бері, голландиялық фермерлер мен сүт ұйымдары жануарлар ауруларымен күресу үшін күш біріктірген кезде, Royal GD өзінің назарын жануарлардың денсаулығына аударды.Royal GD-ветеринария және мал шаруашылығы саласындағы жетекші ұйым. Заманауи ветеринарлық зертханалар мен ғылыми орталықтардың, сондай-ақ ветеринарлық білім мен тәжірибенің арқасында Royal GD бүкіл әлем бойынша өз клиенттеріне қолдау көрсетеді. Осы елдегі жүргізіліп жатқан барлық зерттеулердің 80% - ын дәл осы зертхана жүргізетінін атап өтсек болады.
Айта кету керек, Royal GD басшылығы Қазақстандық делегеацияға компанияның қызметтерімен таныстыруды және бактериология, паразитология және т.б. сияқты зертхананың негізгі блоктарына баруды ұйымдастырды. Талқылау барысында жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау және зертханалық қызметті цифрландыру әдістері бойынша сұрақтар көтерілді.
Нидерланды Корольдігіне жұмыс сапарын жалғастыра отырып, Т. Елшібаев тұрақты негізде және ондаған жылдар бойы азық - түлік өндірісіне инновациялар енгізетін жетекші зерттеу орталықтарының бірі-Вагенинген университетіне (WUR) барды. Сонымен қатар, WUR басшылығы ғылыми-зерттеу орталығының тұсаукесерін және азық-түлік қауіпсіздігі зертханалары бойынша экскурсиялық танысуды өткізді.
WUR – Вагенинген қаласында орналасқан әлемдегі жетекші ауыл шаруашылық зерттеу мекемесі, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Вагенинген ғылыми-зерттеу орталығы ретінде кеңінен танымал.
WUR басым міндеттерінің бірі – тағам өнімдері мен жемдегі заттектерді өлшеу мен анықтауға бағытталған. Негізінен бұл адамдар мен жануарларға жағымсыз ықпал етуі мүмкін заттектерге қатысты. Осылайша, WUR азық-түлік пен жем өнімдерінің қауіпсіздігіне маңызды үлес қосып келеді..
Осылайша," WUR " азық-түлік және жем қауіпсіздігіне маңызды үлес қосуда, сонымен қатар WUR басшылығы микробиология, биохимия, токсикология бөлімдерін, соңғы үлгідегі жоғары токты талдағыштары бар ТЖСХ/МС сынды зертханаларының жоғары әлеуетін көрсетті.
Іс-шара соңында Қазақстандық тараптар іс-шараны ұйымдастырғаны және екі елдің өркендеуі үшін одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғыс білдірді.