
Бүгін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызметінің өкілдерімен эпизоотиялық жағдай және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша өзара шектеулер, сондай-ақ ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелері туралы кездесу өтті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Ш. Жақыпбаев және басқа да өкілдер қатысты. Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі Федералды қызметінен (бұдан әрі – Россельхознадзор): К.А. Савенков – Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет басшысының орынбасары; М. Ю. Макаренко-Россельхознадзордың халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және инспекциялық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаев Қазақстан Республикасындағы эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат берді.
Талқылау барысында Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, профилактикалық іс-шаралар және ынтымақтастық шеңберінде туындайтын мәселелерді шешу жолдары, атап айтқанда жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша өзара шектеулер айтылды.
Сондай-ақ, Тараптар ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың дайындығы, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша біздің елдеріміз арасындағы өзара тиімді және достық қатынастарды нығайту туралы уағдаласты. Сонымен қатар, тараптар ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі бойынша екі елдің жауапты IT-мамандарының қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде кездесу өткізу туралы уағдаласты.