Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциялардың қызметін бағалау бойынша үлкен жұмыс жүргізді

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциялардың қызметін бағалау бойынша үлкен жұмыс жүргізді

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті off-line режимінде Премьер-Министр орынбасарының бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі-2018 жылғы               13 наурыздағы № 110 бұйрығы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау бойынша облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялар басшылары мен орынбасарларының есептерінің тыңдауы өтті.

Бағалау нәтижесі комитет төрағасының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіретін комиссияда қаралды.

ОТИ (ҚТИ, АТИ) басшылары қызметінің негізгі көрсеткіштері:

-ЖАО-ны қоса алғанда, ветеринария саласындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізуді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету; ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету және ел аумағында тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және Әдеп кодексін сақтау; ЖАО-ны қоса алғанда, ветеринария саласындағы 2022 жылға бөлінген бағдарламаларға; Мемлекеттік қызметшілердің таза ауысу үлесінің төмендеуі.

-Ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне және бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру; ветеринариялық іс-шараларды жүргізу және ветеринария саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі ЖАО қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру; ҚР Мемлекеттік шекарасында және ЕАЭО шекаралас аумақтарында орналасқан Ветеринариялық бақылау бекеттерінде қоса алғанда, ЕАЭО аумағында (импорт, экспорт және транзит) ветеринариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарлардың өткізілуіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;ведомстволық бағынысты ВБҚК ұйымдарының (РВЗ, ВҰРО және Республикалық эпизоотияға қарсы отряд филиалдары) ветеринариялық іс-шараларды уақтылы және сапалы жүргізуді ұйымдастыру; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және Әдеп кодексі талаптарын сақтау.

- Профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды, Ауыл шаруашылығы өнімдерін сәйкестендіру жүйесі, эпизоотиялық тексеруді қоса алғанда, ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу; әкімшілік жазалау шараларын қолдануды қоса алғанда, бақылау субъектілерінің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу; жергілікті атқарушы органдарды қоса алғанда, бақылау субъектілерінің ветеринариялық есепке алуды жүргізу және ұсыну жөніндегі талаптарды сақтауын қамтамасыз ету және есептілік; Ветеринария саласында уақтылы және сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру.

Комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялар басшылары мен орынбасарларының жұмысындағы анықталған кемшіліктер бойынша кеңес өткізілді, содан кейін Комитет оларды жою бойынша ұсынымдар шығарды.

Жалпы, аумақтық инспекция жұмысының көрсеткіштері күтілетін нәтижелер деңгейінде бағаланды.