
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мемлекеттік қызметшілерін бағалау кестесіне сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша аумақтық инспекциялардың есептерін тыңдады.
Тыңдау барысында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаев жылдың 2-9 ақпан аралығында аумақтық инспекцияның басшыларымен бірге әр аумақтың биологиялық және тамақ қауіпсіздігі басқармаларының басшыларымен кеңес өткізді.
Аумақтық инспекция басшылары 2022 жылы атқарылған жұмыстары және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы есеп берді.
Сонымен қатар, олар ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелердегі жұмыстарын көрсетті.
Қорытындысы бойынша А. Жақыпбаев аумақтық инспекциялар басшыларының жұмыстарын қатаң сынға алып, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың орындалуын бақылауды күшейтуді, эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуді, бақылау-қадағалау функцияларын және халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.