ВБҚК-те әдеп жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды

ВБҚК-те әдеп жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде Әдеп жөніндегі уәкіл болып Қайыржан Байжанов тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Комитет төрағасы қол қойды.

Қайыржан Байжанов ветеринария жүйесінде 19 жылдан астам жұмыс істейді.

Тағайындалғанға дейін Қ.Байжанов Павлодар облысының ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары Шарбақты ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі.