Комитетте бизнес субъектілерімен кездесу өтті

Комитетте бизнес субъектілерімен кездесу өтті

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Ш. Жақыпбаев "Атамекен" ҚР ҰКП, "Қазақстан фермерлер қауымдастығы" занды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігі  және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ өкілдерімен қарыз (кредиттік) қаражат есебінен сатып алынатын Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тірі жануарларды импорттау мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында үшінші елдерден және ЕАЭО-дан жануарлардың импорты және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезіндегі проблемалық мәселелер талқыланды.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Ш. Жақыпбаев қазіргі уақытта ветеринария жүйесін цифрландыру, атап айтқанда, ветеринария процестерін автоматтандыру бөлігінде "ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" ақпараттық жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тараптар импорттық малды Қазақстан аумағына әкелу кезінде АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі жұмысты, сондай-ақ осы процесті автоматтандыруды талқылады.