Ұлытау облысы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары тағайындалды

Ұлытау облысы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының бұйрығымен Нұрсұлтан Өмірбекұлы Сандыбаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ұлытау облысы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Сандыбаев Нұрсұлтан Өмірбекұлы 1991 жылы Түркістан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

2013 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша оқыды.

Еңбек жолын 2013 жылы Қарағанды облысы Ұлытау аудандық ветеринариялық зертханасының зертханашысы болып бастаған.

2014-2016 жылдары Жезқазған қаласы бойынша ветеринарлық зертхананың ветеринарлық дәрігері болып жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы болып жұмыс істеді.

2018-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кадр және әкімшілік-бақылау жұмысы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.