
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (бұдан әрі – ДЖДҰ) арасында қол қойылған Келісімді іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы 25-27 қаңтар аралығында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша, атап айтқанда, ұсақ мал арасында "аусыл" жұқпалы ауруын жою бойынша симуляциялық тренингтер өткізді.
Қазақстан Республикасы шекарасындағы ветеринариялық бақылау бекетінде осындай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылды және өте шұғыл түрде жүргізілетіндігімен ерекшеленді.
Аңыз бойынша Түркістан облысының Келес ауданында орналасқан "Б.Қонысбаев" кеден бекетінің аумағына Өзбекстан Республикасының "Яллама" кеден бекеті тарапынан аусыл ауруына ұқсас клиникалық белгілері бар ұсақ малы бар автокөлік құралы келіп, патологиялық материалды зерттеу кезінде аусыл вирусы анықталған.
Оқу-жаттығуларға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының шекаралық бақылау бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың, ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық бақылау, мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау бөлімдерінің өкілдері жұмылдырылды.
Оқу-жаттығуға ветеринариялық қызметтің 35 қызметкері жұмылдырылды, 4 бірлік автокөлік тартылды. Оқу-жаттығу барысында мынандай сұрақтар пысықталды:
- төтенше жағдай туындаған кезде қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимылы.
- аусыл инфекциялық ауруының пайда болуы, диагностикасы, ақпараттандыру, оқшаулау, жою, алдын алу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері.
- Мемлекеттік шекарадан өту пункттерінде төтенше жағдай туындаған кезде шекара маңындағы бақылау ветеринариялық қызметінің облыстық және аудандық бөлімшелерінің әзірлігіне ден қою.
- аусыл жұқпалы ауруы ошағын жою жұмыстарын ұйымдастыру және өрістету, қолайсыз пункттің шекарасын белгілеу және Мемлекеттік шекарадан өту пункттерінде сауықтыру іс-шараларын жүргізу кезінде дала жұмысының дағдылары игерілді.
- дезинфекция жүргізу, жұмыстарды жүргізу кезінде заманауи жеке қорғаныс құралдарын енгізу үшін заманауи аппараттармен және қондырғылармен жұмыс істеу дағдылары игерілді.
Осы іс-шараның қорытындысы бойынша түзету іс-әрекеттері әзірленген сыни нүктелер айқындалды. Жалпы, симуляциялық тренинг жануарлардың аса қауіпті аурулары туындаған кезде ветеринариялық бақылау бекеттерінде ветеринариялық қызметтің дұрыс әрекет еткенін көрсетті.