Қазақстан Республикасының ішінде жануарлардың орын ауыстыруы (аймақтар бойынша)

Қазақстан Республикасының ішінде жануарлардың орын ауыстыруы (аймақтар бойынша)

2022 жылдың маусым айында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымын (бұдан әрі- ДЖДҰ) Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық облыстарының барлық сезімтал мал басын аусылға қарсы вакциналаудың басталғаны туралы хабардар етті. ДЖДҰ өз кезегінде аусылдан таза осы аймақтардың ресми мәртебесін вакцинациясыз тоқтатты.

Қазіргі уақытта Комитет осы облыстардың ДЖДҰ ресми мәртебесін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл үшін өткен жылы тиісті өтінімдер берілді.

Вакцинасыз аусыл бойынша салауаттылық аймақтарының тоқтатыла тұрған мәртебесін ескере отырып, оған Қостанай облысы да жерүсті жануарларының Денсаулық кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес одан тірі жануарларды вакцинамен немесе онсыз таза мәртебесі бар аймақтарға тасымалдауға тыйым салынады. Бұл ретте тоқтатылған аймақтардың (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ұлытау облыстары) құрамына кіретін солтүстік-батыс және орталық облыстар арасында жүруге тыйым салынбайды.

Сонымен қатар, аусылға сезімтал тірі жануарларды келесі шарттар сақталған жағдайда союға тасымалдауға рұқсат етіледі:

1) шаруашылыққа жаңадан аусылға бейім жануарларды алып келмеген және шаруашылықтан жөнелтілгенге дейін кемінде 30 күн ішінде аусылдың клиникалық белгілері анықталмаған;

2) жануарлар жөнелту алдындағы соңғы үш айда шаруашылықтан жануарлар шықпаған;

3) шаруашылықтың айналасында он шақырым радиуста жөнелтілгенге дейін кем дегенде соңғы төрт апта аусыл ауруы тіркелмеген;

4) жануарларды ветеринариялық органдардың бақылауымен тиеу алдында тазалаудан және дезинфекциялаудан өткен көлік құралында олардың басқа да сезімтал жануарлармен байланысын болдырмай, тікелей шыққан шаруашылығынан союға тасымалдауға тиіс;

Жануарлар ветеринариялық ережелерге сәйкес ұшалар мен мүшелерді союға дейінгі және кейінгі ветеринариялық тексеруден, ұшаларды таңбалаудан өтуі керек.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілетін сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады.