«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК 20 жылдық мерейтойды атап өтеді

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК 20 жылдық мерейтойды атап өтеді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы               № 1413 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК құрылды.

Осы іс-шараның құрметіне Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта кәсіпорынның өмір сүру кезеңіндегі жетістіктеріне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Шәкенұлы Жақыпбаев келіп, кәсіпорын қызметкерлерін құттықтап, олардың ветеринария жүйесінде лайықты орын алатын үлгіге айналғанын, сондай-ақ өз қызметінде жоғары білікті мамандар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, салтанатты жиналыста Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтың қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық жануарлар мен құстар ауруларының диагнозын қоюдағы түпкілікті саты болып табылатын Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласындағы озық кәсіпорын болып табылады, тамақ қауіпсіздігіне мониторинг, жабайы фаунаның эпизоотиялық мониторингін, ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын және сынақтан өткізуді жүргізеді, сондай-ақ микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді жүзеге асырады. Кәсіпорынның зертханалары барлық халықаралық стандарттар бойынша қауіпті және аса қауіпті патогендермен жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін биологиялық қауіпсіздік деңгейінің БҚД-2 және БҚД-3  барлық талаптары бойынша жабдықталған.

ВҰРО құрылымында 4 зертхана бар: «Жұқпалы аурулардың диагностикасы» (ДИЗ); «Тамақ өнімдерін талдау» (АПП); «Микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының ұлттық коллекциясы» (НКДШМ) және «Ветеринариялық препараттарды тіркеу және сынақтан өткізу» (РИАВП).

Кәсіпорынның кадрлық құрамы 169 адамды құрайды, оның 118-і өндірістік мамандар. Кәсіпорынның ғылыми құрамын 15 магистр, 7 ветеринария ғылымдарының кандидаты және 1 PhD докторынан тұрады Кәсіпорынның жұмыс істеу кезеңінде қызметкерлер шетелдік жетекші ветеринариялық зертханалар мен университеттерде оқудан және біліктілігін арттырудан өтті, бұл әрі қарайғы жұмыста сапалы және бәсекеге қабілетті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын құрылған сәттен бастап ҚР МЕМСТ 2003, ИСО МЭК 17025 (Словакия Ұлттық аккредиттеу орталығы SNAS), ИСО 17025 (латыш Ұлттық аккредиттеу орталығы LATAK), МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 (ҚР ҰАО) бойынша аккредиттеуден өтті. Сондай ақ кәсіпорын:

-ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігін;

- патогенділіктің II, III, IV топтарының қоздырғыштарымен жұмыс істеуге режимдік комиссияның рұқсатын;

- өндіруге, өңдеуге, сатып алуға, сақтауға, сатуға, пайдалануға және жоюға лицензиясын;

- құрамында радиоактивті заттар бар радиоактивті заттармен, аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензиясын;

- атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсетуге лицензиясын;

- прекурсорлармен байланысты қызметке лицензиясын;

- ISO 9001:2015 МС сапа менеджменті жүйесін;

- MS ISO 35001: 2019 сапа менеджменті жүйесін алды.

«ВҰРО» РМК ғылыми жобаларға, сондай-ақ халықаралық референттік зертханалармен және ғылыми орталықтармен бірлесіп зерттеулерге белсенді қатысады:

  1. IZSAM институтымен бруцеллез бойынша халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы (Терамо, Италия) ;
  2. АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту агенттігінің Cap-3, TAP-7 биологиялық қауіп-қатерін азайту шеңберіндегі жобалар;
  3. «Жануарлар денсаулығын қорғаудың Федералды орталығы» ЖДҚФО (Владимир, Ресей) ;
  4. Жануарлар мен өсімдіктер денсаулығы агенттігі (Вейбридж, Англия);
  5. Францияның азық-түлік, қоршаған орта және денсаулық сақтау агенттігі (ANSES) (Ньор, Франция) ;
  6. Францияның ауылшаруашылық зерттеулер және ынтымақтастық ұйымы (Sida) (Монпелье, Франция) ;
  7. Ирландия ат спорты орталығы (IEC) (Джонстаун, Ирландия) ;
  8. Пирбрайт Институты (Пирбрайт, Англия).

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты жиынға «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК құрылуының бастауында тұрған бұрынғы бас директор Тұрсынқұлов Шахайдар Жорабекұлы және бас директордың бұрынғы орынбасары Ахметов Жетпісбай Ахметұлы қатысты.