ВБҚК ветеринариядағы саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша кеңес өткізді

ВБҚК ветеринариядағы саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша кеңес өткізді

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Ж. Жылқышиева, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысуымен видеоконференцбайланыс (ВКС) бойынша ветеринариядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша кеңес өткізді.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі осы стратегияны іске асыру жөніндегі комитеттің іс-шаралар жоспары бекітілді.

Комитеттің барлық деңгейінде аумақтық инспекциялардың барлық басшыларымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Комитет тұрақты негізде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдерінің қатысуымен, Орталық аппарат пен аумақтарда, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Жалпыға бірдей құқықтық кеңестер мен семинар-кеңестер өткізеді.

Кеңес барысында Агенттік өкілдері реттелетін саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар статистикасын атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайтуға және қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайларды жоюға бағытталған кешенді шаралар қабылдауды ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді және Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.