
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасы А. Жақыпбаевтың жұмыс сапары шеңберінде 23 желтоқсанда Алматы қаласының ТИ-де Ветеринариялық қауіпсіздік, эпизоотиялық салауаттылық және проблемалық мәселелерді шешу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Проблемалық мәселелер және ветеринария жүйесін реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
А. Жақыпбаев "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорнында болып, кәсіпорын ұжымымен және ҚазҰАУ ғалымдарымен кездесу өткізді. Ветеринарияны реформалау шеңберінде енгізілетін биологиялық қауіпсіздік және фармакологиялық қадағалау мәселелері талқыланды.
Анықтама:
"Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС 1998 жылы құрылған. Кәсіпорында биологиялық және дәрілік препараттарды өндіруге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті жағдайлар, заманауи технологиялар мен жабдықтар бар. Кәсіпорында препараттарды өндіру кезінде EU GLP (тиісті зертханалық практика) және EU GMP (тиісті өндірістік практика) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа қамтамасыз етіледі. Халықаралық стандарттар кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.