Маңғыстау облысына құс тұмауына қарсы вакцинаның 18,6 мың дозасы жіберілді

Маңғыстау облысына құс тұмауына қарсы вакцинаның 18,6 мың дозасы жіберілді

Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде, Қаракөл көлінің жағасында аққулардың жаппай қырылуы анықталды.  Сынамалар алынып, "Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық" РМК-ға жіберілді.  2022 жылғы 21 желтоқсанда (№ 1-S23R-14/B-18-05) өлген құстардан құс тұмауына алынған патологиялық материалдары оң нәтиже нәтиже көрсетті. Қаракөл көлі - жабайы құстардың осы түрінің ұшу жолындағы тұрақтайтын аумақтың бірі. Мұз бұғауларынан Қазақстанның барлық аумағында тіршілік ететін аққулар табылды.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шұғыл шараларды жүргізу және үй құстарының арасында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін  республикалық қордан қауіп төнген аймақтардағы барлық үй  құстарын вакцинациялау үшін 18 644 доза вакцина бөлді.  Сондай-ақ өңірге республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың мамандары жұмылдырылды.

Жергілікті атқарушы органдар  жоғары патогенді құс тұмауы бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілер, ветеринариялық дәрігерлер, аңшылар, қорықшылар, тұрғындар және басқа да мүдделі тұлғалардың  (құстары бар) арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Құс фабрикалары жабайы және синантропты құстардың жем-су қоймалары мен құстарды ұстайтын ғимараттарға жақындауына жол бермеу үшін  ветеринариялық іс-шараларды күшейтеді.

Бүгінгі таңда республикада үй құстары арасындағы құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан аумағында  14 930 180 бас үй құсына құстардың жоғары патогенді тұмауына қарсы  вакцинация жүргізу жоспарланған. 12 айда 14 764 980 бас құс егілді (бұл жылдық жоспардың 99%). Үй құстарының арасында аурудың белгілері байқалмайды. Аумақтық инспекциялар эпизоотиялық жағдайды бақылауға алды.