
2022 жылдың 22 желтоқсанда тағайындау және эпизоотиялық жағдайды зерделеу, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға, таратпауға бағытталған жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралармен танысу мақсатында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаевтың Түркестан облысына жұмыс сапары өтті.
Жұмыс сапары аясында осы өңірдің ветеринариялық қызмет өкілдерінің қатысуымен Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізілді, сондай-ақ эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге және проблемалық мәселелерді шешуге ерекше назар аударылды.
А. Жақыпбаев ветеринария жүйесін реформалау бойынша, атап айтқанда: заңға және заңнамалық құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін, сондай-ақ ветеринариялық дәрігерлердің жалақысы өсетінін атап өтті.
Бұдан басқа, ветеринария саласында енгізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жаңа форматы бойынша жұмыс жүргізу түсіндірілді.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту қатаң тапсырылды. Экспортталатын жануарлардың карантині кезінде бақылауды, қадағалауды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, тиісті тапсырмалар беріліп, Комитеттің бақылауына алынды.
Кеңес барысында Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы А.Әбдиев, сондай-ақ Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Н.Әлібеков ресми түрде тағайындалды.