Төраға А. Ш. Жақыпбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары

Төраға А. Ш. Жақыпбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары

2022 жылғы 6 желтоқсанда эпизоотиялық жағдайды зерделеу, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға  бағытталған жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралармен танысу және тағайындау мақсатында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары өтті.

Жұмыс сапары шеңберінде осы өңірдің ветеринариялық қызметі өкілдерінің қатысуымен Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ ветеринария жүйесін реформалау туралы кеңес өткізілді. Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, Комитеттің бақылауына алынды.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының жаңа басшысы Рашид Маденұлы Нұрбековті таныстырды.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаев Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының жаңа басшысы Манат Айтқожаұлы Әбдірахмановты таныстырды.

М.Әбдірахманов бұған дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.