
Қазақстан Республикасында Ұлттық зертханалық саясатты әзірлеу бойынша семинарға Республикалық ветеринариялық зертхана мамандары қатысты.
2022 жылғы 22 қарашада Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының қолдауымен Ұлттық зертханалық саясатты әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері Қазақстан Республикасында ұлттық зертханалық саясатты әзірлеу бойынша семинарға қатысты.
Аталған жиынға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әртүрлі қалаларынан арнайы пән оқытушылары қатысты.
Отырыс нәтижесінде жұмыс тобының өкілдері Қазақстан Республикасында Ұлттық зертханалық саясат пен стратегиялық жоспарларды ұсынуды қолдады.