Қазақстан Республикасында су жануарларының денсаулығын сақтау қызметіне PVS бағалау жүргізу миссиясы басталды

Қазақстан Республикасында су жануарларының денсаулығын сақтау қызметіне PVS бағалау жүргізу миссиясы басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы үшін су жануарларының денсаулығын қорғау қызметіне PVS бағалау жүргізу миссиясы (бұдан әрі - Миссия) басталды.

Миссия Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің сұрауына негізделген.

Миссияны 2022 жылдың 26 қазанынан 5 қарашасына дейін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДДСҰ) халықаралық сарапшылары – доктор Джонсен Стиан, доктор Латини Марио, доктор Гроссель Геффри Уильям, доктор Чокревски Слободен Қазақстан Республикасы үшін жоспарлаған.

Осы үдеріс барысында ДДСҰ сарапшылары Қазақстанның ветеринариялық зертханаларына, қазақстандық аграрлық жоғары оқу орындарына, балық шаруашылықтарына барады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық қызметтің қызметін бағалау, балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу мақсатында ветеринария және су жануарларының денсаулығын қорғау саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілермен танысады.

Миссияның бірінші күні ДДСҰ сарапшылары ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне келіп, комитет төрағасы А.Жақыпбаевпен, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің өкілдерімен кездесті.

Тараптардың сәлемдесуінен кейін халықаралық сарапшылар алдағы миссияның кезеңдерімен танысты.