СҚО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өткізіледі

СҚО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өткізіледі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (бұдан әрі - ДЖДҰ) арасындағы Қол қойылған Келісімді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметі тұрақты негізде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық жаттығулар өткізеді.

Бул ретте, Аусылды бақылау жөніндегі жаһандық стратегия бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 26-28 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы аумағында аусыл бойынша симуляциялық жаттығу өткізуге бастамашылық жасалды.

Бұл іс-шара аусыл ошағы пайда болған жағдайда ден қою жөніндегі ветеринариялық қызметтің дайындығын растауға, аусыл ауруын бақылауды күшейтуге, ауруды бақылауға жауапты ұлттық ветеринариялық қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Аусыл бойынша симуляциялық жаттығулардың практикалық бөлігін өткізу Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, Денсаулық сақтау органдарының өзара іс-қимылы кезінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, аумақтық инспекциялар өкілдерінің қатысуымен өтеді.