Павлодар облыстық аумақтық инспекциясына жаңа басшысы тағайындалды

Павлодар облыстық аумақтық инспекциясына  жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жакыпбаевтың бұйрығымен ағымдағы жылдың 10 қазанында Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының жаңа басшысы болып Рашид Маденович Нурбеков тағайындалды.

Ветеринария жүйесінде 20 жылдан астам еңбек атқарып келеді. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Р. Нурбеков облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2003-2010 жылдары аралығында Шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау Солтүстік-Батыс аймақтық басқармасының бастығы қызметін атқарған. Р. Нурбеков ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі болып табылады.