Төраға А. Ш. Жақыпбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары

Төраға А. Ш. Жақыпбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары

2022 жылғы 17 қазанда эпизоотиялық жағдайды зерделеу, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға  бағытталған жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралармен танысу мақсатында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары өтті.

Жұмыс сапары шеңберінде осы өңірдің ветеринариялық қызметі өкілдерінің қатысуымен Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ ветеринария жүйесін реформалау туралы кеңес өткізілді. Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, Комитеттің бақылауына алынды.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев Алматы облыстық аумақтық инспекциясының жаңа басшысы Рашид Маденұлы Нұрбековті таныстырды.

Р. Нұрбеков бұған дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жұмыс сапары аясында А. Жақыпбаев Павлодар облыстық ветеринариялық зертхана филиалының, Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ филиалының, Павлодар қаласы бойынша аумақтық инспекцияның ұжымдарымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.