Қостанай облысы Федоров ауданында сібір жарасы анықталуына қатысты ақпарат

Қостанай облысы Федоров  ауданында сібір жарасы анықталуына қатысты  ақпарат

ҚР АШМ ВБжҚК Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың 24 тамызында Федеров ауданының Федоров ауылдық округі Копыченко ауылы тұрғыны В.С. Коваль аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына сібір жарасы ауруына күдікті ретінде түсіп сібір жарасы диагнозы анықталған.

         В.С. Коваль – Федоров ауданының Костряковский ауылдық округі Запасное ауылы «Гранд» ЖШС ветеринариялық дәрігері.

         Анықталған жағдай:

         2022 жылдың 15 тамызында «Гранд» ЖШС 1 бас ІҚМ өлім-жітімге ұшыраған. Клиникалық және сойып қарау кезінде жұқпалы ауруларға тән белгілері болмаған. Өлген малдың ұшасы мал қорымына тасталды.
В.С. Коваль 2022 жылдың 13 тамызында өзіне тиесілі 1 бас шошқаны өз қажеттілігіне сойып алғандығы анықталды.

         2022 жылдың 2 қыркүйегінде «Гранд» ЖШС тиесілі 1 бас ІҚМ өлім-жітімге ұшыраған (сібір жарасына қарсы 2022 жылдың 27 наурызда егілген).

Жасалынып жатқан жұмыстар:

  • 2022 жылдың 5 қыркүйегінде «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қостанай облыстық ветеринариялық зертханасының сынақ хаттамасына сәйкес (№ SO-22-P16(05)-03004-A-D) 2022 жылдың 2 қыркүйегінде өлім-жітімге ұшыраған «Гранд» ЖШС тиесілі 1 бас ІҚМ патологиялық материалы сібір жарасына «оң» нәтиже көрсетті.

Анықтама ретінде: «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қостанай облыстық ветеринариялық зертханасының 2022 жылғы 26 тамыздағы сынақ хаттамасына (№ CO-22-P16(05)-02947-A-D, № SO-22-P16(15)-02949-A-D) және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК 2022 жылғы 27 тамыздағы (№1-S22R-382/B-01-01, №1-S22R-382/B-16-02) сәйкес 2022 жылдың 15 қыркүйегінде өлген ІҚМ және 2022 жылдың 13 қыркүйегінде сойылған шошқадан алынған сынамалар теріс нәтиже көрсеткен.

2022 жылдың 6 қыркүйегінде Федоров ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен Костряковский ауылдық округінің әкіміне «Гранд» ЖШС және Запасное ауылының тұрғын үй алабтарына карантин режимін белгілеу бойынша ұсыныс жолданды.

         Анықтама ретінде: Костряковский ауылдық округінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай келетін 1 сібір жарасы көміндісі орналасқан.

  • ҚР АШМ ВБжҚК «Федоров аудандық аумақтық инспекция» тарапынан «Гранд» ЖШС-не 2022 жылға жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс шаралары тексерілуде.

Қазіргі ветеринариялық станция мамандарымен күнделікті термометрия жұмыстары жүргізіліп, клиникалық бақылаудан өткізуде және ауру малдар, өлім-жітімге ұшыраған малдар байқалмайды.