
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев Қазақстан өңірлеріне жұмыс сапарын жалғастыруда.
Қазақстанның төрт жаңа облысының құрылуына байланысты, А.Жақыпбаев облыстық аумақтық инспекция басшыларын тағайындайды.
Мәселен, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Абай облысындағы аумақтық инспекцияның жаңа басшысы Жанат Болатұлы Рақышевті ұжымға таныстырды.
Ж.Рақышев бұған дейін Комитеттің Семей қалалық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарған.
Жұмыс сапары аясында осы өңірдің ветеринариялық қызметтері өкілдерінің қатысуымен Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізілді, сондай-ақ ветеринария жүйесін реформалау мәселелері айтылды. Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді, олар Комитеттің бақылауына алынды.