Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаев Жетісу облысына жұмыс сапары

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаев Жетісу облысына жұмыс сапары

2022 жылғы 6 қыркүйекте тағайындау және эпизоотиялық жағдайды зерделеу, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға және таратуға бағытталған жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралармен танысу мақсатында ҚР АШМ ВБҚК төрағасы А.Жақыпбаевтың Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев Жетісу облыстың аумақтық инспекциясының жаңа басшысы Қабдолданов Серік Жұмаханұлын таныстырды.

Тағайындалғанға дейін С.Қабдолданов ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді. 5 тамыздан бастап ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісу облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып қайта тағайындалды.