
2022 жылғы 6 қыркүйекте эпизоотиялық жағдайды зерделеу, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға және таратуға бағытталған жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралармен танысу мақсатында ҚР АШМ ВБҚК төрағасы А.Жақыпбаевтың Алматы облысы бойынша жұмыс сапары өтті.
Жұмыс сапары шеңберінде осы өңірдің ветеринариялық қызметі өкілдерінің қатысуымен Ветеринариялық қауіпсіздік, сондай-ақ ветеринария жүйесін реформалау және проблемалық мәселелерді шешу мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, тиісті тапсырмалар беріліп, Комитеттің бақылауына алынды.
Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев Алматы облыстық аумақтық инспекциясының жаңа басшысы Бауыржан Кемербайұлы Абызбаевты таныстырды.
Тағайындалғанға дейін Б.Абызбаев ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінде және Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.