Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Мибұлақ селолық округі «Жанмаилов» ШҚ ірі қара малдарының ауырып өлім-жітімге ұшырауына қатысты ақпарат

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Мибұлақ селолық округі «Жанмаилов» ШҚ ірі қара малдарының ауырып  өлім-жітімге ұшырауына қатысты  ақпарат

ҚР АШМ ВБжҚК Ұлытау облыстық аумақтық инспекциясының хабарламасына сәйкес, ү.ж. 18 маусым мен
12 шілде аралығында Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Мибұлақ селолық округі «Жанмаилов» ШҚ тиесілі 64 бас ІҚМ өлім-жітімге ұшыраған. Өлім-жітім жағдайы бойынша ветеринариялық маманға ү.ж. 5 шілдесінде ғана хабарлаған.

         Анықтама ретінде: АШЖБ ДБ сәйкес «Жанмаилов» ШҚ 355 бас ІҚМ, 136 бас жылқы малы тіркелген.

         Ү.ж. 7 шілдесінде өлім-жітімге ұшыраған және ауырып тұрған малдардан биологиялық материалдар (қан сынамалары) алынып, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК инфекциялық ринотрахеит, сібір жарасы, лептоспироз, пастереллез ауруларын зерттеуге жолданды. Зерттеу қорытындысына сәйкес инфекциялық ринотрахеит ауруы анықталды (13.07.2022 ж. № 1-S22R-327/A-01-03 сынақ хаттамасы).

         Ү.ж. 15 шілдесінде Мибұлақ селолық округі әкімінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 11Ө өкімімен «Жанмаилов» ШҚ шектеу іс-шаралары енгізілді.

         Бұл ретте, ошақты жою іс шараларын жүргізу мақсатында республикалық қордан 355 бас ІҚМ вакцина (ревакцинациямен қоса 710 доза) және 2 000 ш.м. залалсыздандыру препараты бөлінді.

         Осыған қоса, 2022 жылғы 14 шілдедегі «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалының зерттеу қорытындысына сәйкес (14.07.2022 ж. № CO-22-M08(11)-00303-A-F сынақ хаттамасы) тейлериоз (паразитарлық – жұқпалы емес) ауруы анықталды.

      Бүгінгі таңда республикалық эпизоотиялық отрядтың қызметкерлері Бұлақ ауылдық округінде жұқпалы ринторахеитке қарсы жою жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, ветеринарлық мамандар тейлериоздың алдын алу және күресу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Эпизоотиялық жағдай осы жердің ветеринариялық қызметінің тұрақты бақылауында.