Абай облысы Семей қ. Абралы а. о. қалыптасқан эпизоотиялық жағдай бойынша ақпарат

Абай облысы Семей қ. Абралы а. о. қалыптасқан эпизоотиялық жағдай бойынша ақпарат

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Семей қаласының Абралы а.о. эпизоотиялық жағдайға қатысты ағымдағы жылғы 25 шілдедегі "31 – арна" ТРК жаңалықтар лентасындағы ақпаратқа  қатысты келесіні хабарлайды.

Абай облысы Семей қаласының С.О. Абралы "Кожамбек" қыстағындағы "Санжар" Ш/Қ-да 1 бас ІҚМ өлуіне байланысты сынамалар алынып, диагноз қою үшін ветеринариялық зертханаға жіберілді.

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Абай облысы Семей қаласы Абралы ауылы "Қожамбек" қыстағындағы "Санжар" шаруа қожалығында ІҚМ арасында пастереллез тіркелді.

Аурудың анықталуына байланысты Абралы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 маусымдағы№01-36-ө шешімімен "Санжар" Ш/Қ аумағына шектеу іс-шаралары енгізілді.

Ветеринариялық-санитариялық қағидаларға сәйкес "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ күштерімен жою іс-шаралары жүргізіледі.

Аталған ошақты жою үшін республикалық қордан 1 853 доза вакцина (ІҚМ үшін - 565 доза, ҰММ үшін - 967 доза жылқы үшін - 321 доза) және 4 200 м2 дезинфекциялық құрал бөлінді.

Бүгінгі таңда жою шаралары жалғасуда.

Сонымен қатар, қолайсыз пунктке ғылыми мақсаттар үшін Ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты және ВҰРО қызметкерлері жіберілді.

Эпизоотиялық жағдай ветеринарлық қызметтердің тұрақты бақылауында.