Бішкек қаласында "Орталық Азия елдері үшін су жануарларының денсаулығы"атты тақырыптық семинар өтуде.

Бішкек қаласында "Орталық Азия елдері үшін су жануарларының денсаулығы"атты тақырыптық семинар өтуде.

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында
Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ХЭБ) төрағалығымен, «Балық аурулары бойынша» аймақтық ынтымақтастықтың «Орталық Азия елдері үшін су жануарларының денсаулығы» тақырыбында семинар өтуде.

Семинарға Орталық Азия мен Еуропаның: Италия, Ұлыбритания, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің ветеринария мамандары қатысуда. Қазақстаннан семинарға қатысушылар: Қазақстан Республикасынан Халықаралық эпизоотиялық бюроның делегаты Тюлегенов С. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ВБжҚК Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Елшібаев Т.; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария ВБжҚК Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының бас директоры Бердіқұлов М.; Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетің өкілі; «ҚазҒЗВИ» ЖШС өкілі.

Бұл саладағы ынтымақтастық инновациялық шешімдерді ұсынуға, дұрыс және сенімді ақпарат беруге және балық аурулары бойынша аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді