
2022 жылғы 04 Шілдеде сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі Қазақстанның ұлттық ақпараттық порталын (бұдан әрі - Портал) ресми іске қосуға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Ұлттық Портал халықаралық сауда орталығы іске асыратын және Еуропалық Одақ қаржыландыратын "Ready4Trade - Central Asia" жобасының шеңберінде әзірленді.
Порталда экспорт, импорт және транзит кезінде ветеринария саласындағы қажетті қызметтерді алу бойынша үдерістер кезең-кезеңімен сипатталған. Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық құжаттар мен қызмет көрсетушілердің байланыстары. Порталдағы ақпарат үш тілде орналастырылған. Порталмен сілтеме бойынша танысуға болады https://tradeinfo.kz.