
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринария саласындағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, ветеринария жүйесін реформалау аясында мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттікті бөлу, ветеринария саласындағы қызметті дамыту, ветеринария саласындағы процестерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін қоса алғанда, бірқатар іс-шаралар жүргізуде.
Осыған орай, ветеринария саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, ветеринария жүйесін жетілдіруді көздейтін ұсыныстарыңызды негіздемелерімен қоса а.ж. 1 шілдеге дейін ұсынуды сұраймыз. Жинақталған ұсыныстар бойынша қосымша талқылаулар жүргізілетін болады. Талқылаудың өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
Өз ұсыныстарыңызды мына электрондық почтаға жібере аласыздар:
urkinbaev.a@minagri.gov.kz, shulembayeva.z@minagri.gov.kz