Қостанай облысының эпизоотиялық жағдайы туралы ақпарат

Қостанай облысының эпизоотиялық жағдайы туралы ақпарат

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша 2022 жылғы 15 маусымнан бастап Қостанай облысы Федоров ауданы Ленин ауылының 3 ауласында 56 бас құс өлімі тіркелді. Өлген құстар өртеу арқылы жойылды.

Клиникалық белгілері: қызба, тәбеттің жоғалуы, депрессия, әлсіздік, конъюнктивит.

2022 жылғы 17 маусымда Қарабалық ветеринариялық зертханасына өлген құстың патологиялық материалы пастереллезге текскеруге жіберілді. Сонымен қатар, 2022 жылғы 20 маусымда патологиялық материал Ветеринария бойынша референттік орталыққа Ньюкасл ауруына тексеру үшін жіберілді.

Эпизоотиялық жағдай бақылауда.