
2022 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК басшысы Т. Елшібаевпен және Комитет мамандарымен бірге Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапардың мақсаты эпизоотиялық жағдайды зерттеу, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға және таратуға бағытталған ветеринариялық іс-шаралармен танысу және ветеринария бойынша проблемалық мәселелерді талқылау болды.
Жұмыс сапары аясында Атырау облысының бизнес-қауымдастығымен Ветеринарлық қауіпсіздік және проблемалық мәселелер бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында А.Жақыпбаев ветеринария жүйесін реформалау бойынша Комитет жүргізіп жатқан жұмыстарды және өңірдегі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды атап өтті.
Өз кезегінде бизнес субъектілері ветеринарлық жүйені жақсарту бойынша бірлескен жемісті жұмыс ұсынысымен шығып, комитет өкілдерінен сұрақтарға жауап алды.
Тараптар ветеринария жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар уақытылы және өңірдегі мал шаруашылығы саласын дамыту үшін қажетті деген ортақ пікірге келді.
Күннің екінші жартысында жұмыс сапары аясында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары және Атырау облысының барлық ветеринария құрылымдарының қатысуымен Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында А.Жақыпбаев өңірдегі эпизоотиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу мәселелері бойынша жұмыстың әлсіз екенін айтты.
Сонымен қатар, осы мәселелерді шешу бойынша ветеринарлық қызметтерге тиісті тапсырмалар беріліп, ерекше бақылауға алынды.