
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары талаптарын сақтау, мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқортылқтың алдын алу мақсатында, 14-15 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Кадр және әкімшілік жұмысы басқармасы басшысы - Әдеп жөніндегі уәкіл – А.Ф. Жамкенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапар барысында облыстық және аудандық/қалалық аумақтық инспекцияларының басшысымен және қызметкерлерімен кеңес өтті.
Күн тәртібінде, Мемлекеттік аппараттың қызметтін бюрократиядан арылту, сыбайлас жемқортылқтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша инспекциялар басшыларына күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.