Жылқы ауруы бойынша ақпарат

Жылқы ауруы бойынша ақпарат

Ағымдағы жылдың 6 маусымында Есіл ауданының Чириковка ауылында жылқы ауруы туралы хабарлама келіп түсті. Эпизоотологиялық тексеру жүргізу барысында жануарлардың жиналу табында Орталық ауылының жазғы жайылымында екені анықталды. Табындағы жылқы басының жалпы саны шамамен 500 бас, оның ішінде 150 бас ағымдағы жылы туылған төлдер.

 

Тексеру кезінде құрғақ жөтелмен, ентігумен, температураның шамалы жоғарылауымен (400 С дейін) және жалпы депрессиямен бірге жүретін шамамен 20 бас науқас анықталды, оның ішінде 3 басы асқынған аурудың ауыр ағымы байқалған. Ауырған мал арасында өлім фактілері тіркелмеген. Ауру жануарлардан биологиялық материал (қан, жұтқыншақтан жағынды) іріктеліп алынып, жұқпалы ауруларды болдырмау үшін Нұр-сұлтан қаласына Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жіберілді.

Клиникалық белгілері бойынша ауру жылқы тұмауына, өкпенің обструктивті бронхитіне ұқсас. Симптоматикалық ем тағайындалды (антибиотиктер, иммуномодуляторлар, жалпы ағзаны күшейтетін препараттар). Емдеу жануарлардың иелері есебінен жүргізіледі. Қиындық-иелері әртүрлі аудандардың әртүрлі елді мекендерінде тұрады, сондықтан ұйымдасқан түрде емдеу және ем шараларын жүргізу мүмкін емес.

Бүгін, 07.06.2022 жылы Хабар 24, Астана және Қызылжар телеарналарының меншікті тілшілері аталған факті бойынша сюжетті түсірді.

Қазіргі уақытта ауданның ветеринариялық қызметі жергілікті жерде жылжымалы бөлу және жануарларды тіркеуге арналған станоктар орнатты, емдеу және бір мезгілде таңбалау жүргізіледі.